2 қазанда Астана қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік сала қызметкерлері арасында Спартакиада өтті. Спорттық іс-шараға қаланың 11 мемлекеттік мекемесі қатысты. Әр мекемеден 30-35 қызметкер өзара бәсекеге түсіп, спорттың 6 түрі бойынша жарыстар өткізді.
Ашылу салтанатына Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Скуб Илья Васильевич өзі қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ашылу салтанатына Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемелердің басшылары атсалысты. Өз сөзінде Илья Васильевич Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайту екенін баса айтып өтті.



