Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

6 желтоқсанда БҰӨСО-да кәсіподақ ұйымының ашық жиналысы өтті. Жиын барысында ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері мен кәсіподақ ұйымының жұмыс есебі талқыланып, ұйымның комитетіне қызметкерлерді сайлау жүргізілді.
Әріптестер жиынында әлеуметтік саланың үздіктері марапатталды:
— «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясында Мақпал Ақбасова;
— «Әлеуметтік салада мамандығына адалдығы үшін» номинациясында Анар Байсарина;
— «Жұмысқа деген инновациялық көзқарасы үшін» номинациясында Гүлдана Шөменбаева;
— «Үздік оқытушы» номинациясында Болатбек Сейдалин;
— «Дене шынықтыру бойынша үздік инструктор» номинациясында Хулимат Аубакирова;
— «Еңбек терапиясы бойынша үздік инструктор» номинациясында Жібек Жайкенова.
Еңбегімен ерекшелене білген барлық үздіктер мадақтау қағаздарымен, гүл шоқтарымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының ашық жиналысында «AQNIET» қоғамдық бірлестігінің тарапынан салалық кәсіподақ қозғалысын дамыту мен нығайтуға, кәсіподақ ұжымының бірлігін сақтауға қосқан үлесі үшін Әкімшілік-кадр бөлімінің басшысы Динара Льдетаева мен Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Динара Зәкір құрмет грамотасымен марапатталды.
МАРАПАТ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!