Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында «Күміс» волонтерлік бағыты бойынша дәрістер мен мастер-класстар өткізуді жалғастыруда.

Бүгін Астана қаласында «Қазақстандағы күміс волонтерлік» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Іс-шараға волонтерлер координаторы және ақпараттық желінің менеджері Айдана Мақышева, сондай-ақ жоба менеджері Дарья Меренцова спикер ретінде қатысты. Сондай-ақ, бұл шараға Байқоңыр және Сарыарқа аудандық орталықтарының зейнеткерлері де қатысты. Белсенділік танытып, шараға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Сонымен қатар, мазмұнды баяндамалары үшін спикерлерге ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Күміс волонтерлік – қоғамға пайдасын тигізгісі келетін аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне мүмкіндік беретін маңызды бастама. Біз осындай игі шараларды жалғастырып, қоғамның барлық мүшелері үшін қолайлы орта қалыптастыруға атсалысатын боламыз!