Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызмет алушылары «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы апталығын өткізді. Бұл акция «Жұмысшы жылы-2025» аясында ұйымдастырылып, қала көшелерін қоқыстан және қалың қардан тазалап жүрген жұмыскерлерге құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Қайырымдылық шарасы аясында орталықтың қызмет алушылары қала тазалығына жауапты жұмыскерлерге ыстық шәй, ұлттық бауырсақ, дәмді тоқаштар, сондай-ақ «Хассали» майлы ыстық нанымен көңіл бөліп, олардың аязды күндерде қала тазалығына қосқан үлестеріне алғыс білдірді. Бұл бастама қала тұрғындары үшін маңызды және әрі қоғамға үлкен көмек болып табылады.

Сонымен қатар, «Таным» зияткерлік клубы, «Оңалту – жаттығу», «Асыл мұра» домбыра ансамблі, «Айкүне» қазақ гимнастикасы үйірмесі, «Қазақ тілі» клубы секілді әр түрлі үйірмелердің қатысуымен қайырымдылық іс-шаралары кеңінен ұйымдастырылды. Қоғамдық шараларға орталықтың барлық қызмет алушылары белсене қатысып, өздерінің мейірімділігін көрсетіп, жол тазалаушылардың қажырлы еңбегін бағалауға үлестерін қосты.

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп аталғандықтан, орталықтың зейнеткерлері өздерінің ізгі істерімен жыл бойы түрлі шараларға қатысып, қоғамға елеулі үлес қосуды мақсат етеді. Бұл акциялар әрі қарай да жалғасын тауып, адамдар арасында мейірімділік, қайырымдылық және қоғамдық жауапкершілік сынды құндылықтарды насихаттайтын болады. Қайырымдылық пен мейірімділік, тәрбиелік мәні бар жақсы істердің жалғасын табатынына сеніміміз мол.