Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарайшық ауданында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

2025 жылғы 1 сәуірден бастап Астана қаласы әкімдігінің Сарайшық ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі өз жұмысын бастады.

Орталықта зейнеткерлерге арналған тегін үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта келесі қызмет түрлері қолжетімді: оңалту гимнастикасы, тренажер залы, йога, скандинавиялық серуен, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, еңбек терапиясы, әлеуметтік желілерді пайдалану бойынша үйірмелер және профилактикалық массаж.

Бүгін орталықта алғашқы сабақтар өткізілді. Оңалту гимнастикасы, теннис, тоғызқұмалақ және егде жастағы адамдарға арналған фитнес бойынша сабақтар басталды.

Орталыққа зейнеткерлерді тіркеу 2025 жылғы 17 наурыздан басталды. Қазіргі таңда Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 60 адам тіркелген. Орталыққа тіркелу үшін зейнеткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • Жеке куәлік
  • Зейнеткер куәлігі
  • Астана қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркеу (прописка)

Алдағы уақытта Сарайшық ауданында әлеуметтік-сауықтыру, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-әуесқой бағыттарында қосымша үйірмелер ашу жоспарланып отыр.

Сарайшық ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы А-91 көшесі, 16 үй, «Жұлдыз» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Барлық зейнеткерлерді тегін үйірмелерге қатысуға шақырамыз!

Орталықтың басқа аудандардағы филиалдары келесі мекенжайларда орналасқан:

  • «Алматы» ауданы – Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1
  • «Байқоңыр» ауданы – Абай көшесі, 46
  • «Есіл» ауданы – Достық көшесі, 13
  • «Сарыарқа» ауданы – Бейбітшілік көшесі, 25
  • «Нұра» ауданы – Төлеби көшесі, 44

Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам қала зейнеткері орталықтың тегін үйірмелері мен секцияларына қатысуда.