Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Әдемі» ансамблі «Көрісу» күнін ұлықтады

14 наурыз – Амал мерекесі қарсаңында «Евразия» сауда үйінде ерекше шара өтті. Ұлттық киім киген «Әдемі» ансамблі сауда орталығының қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем әндерімен мерекенің ажарын аша түсті.

Сауда орталығына келген сатып алушылар мен сатушылар ансамбльдің өнерін тамашалап, қошеметтерін аямады. Көпшілік ұлттық дәстүрдің жаңғырып, жастарға насихатталып жатқанына ризашылықтарын білдірді. Ансамбль мүшелері қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан «Көрісу» күнінің мән-маңызы туралы айтып, осындай мәдени шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Көрермендер әр ән орындалған сайын ду қол шапалақтап, күлімдеп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Бұл бастама тек мерекелік шара ғана емес, ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеудің жарқын үлгісі болды.