Бүгін Сарыарқа ауданы бойынша БҰӨСО-да дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойынынан турнир өтті. Спорттық іс-шараға тек зейнеткерлер ғана емес, олардың немерелері де қатысты. Турнир ерекше жылы атмосферада өтіп, әрі отбасылық ойынға айналды.
Қатысушылар нағыз бәсекелестік көрсетіп, ойынға деген қызығушылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Барлық қонақтар интеллектуалды ойындарды тамашалап, достық қарым-қатынастың куәсі болды.
Турнир қорытындысы бойынша Мәнсүр Кундаков жеңімпаз атанды. Турнир жеңімпазы сертификат пен медальмен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және дәстүрлі мәдениетті қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.



