«Елорда ақпарат» ЖШС басшылығының ұйымдастыруымен апта сайын бейсенбі күні кешке журналистер волейбол ойнайды.
Ойынның басты мақсаты — денсаулық кепілі спортпен айналысып, денені шынықтыру.
Бұл ойындарға БАҚ өкілдері мен еңбек ұжымдары шақырылады. Осылайша, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылады.
Бұл аптадағы волейбол ойынына біздің Орталықтың қызметкерлері мен бірнеше ұжымнан журналистер келіп қатысты.
БҰӨСО-ның бөлім басшылары Эльдар Ибрагимов пен Жұлдыз Байтукбаева, баспасөз қызметкері Камила Амангельдинова волейбол ойына белсене қатысты.



