Жақында Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ерекше мазмұндағы зияткерлік ойын өтті.
Тақырып: Қазақ әйелінің тарихтағы, қоғамдағы және күнделікті өмірдегі рөлі
Мақсат: Қазақ қызының даналығы мен парасатын, білімін ұрпаққа үлгі ету
Сайыс шымылдығы қыз баланың бойжету жолын бейнелеген сахналық көрініспен ашылып, «Шұғыла» би тобының «Өмір» композициясымен жалғасты. Жылы атмосфера, достыққа негізделген бәсеке – бұл
ойынның басты ерекшелігі болды.

Қатысқан командалар: Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарыарқа аудандарынан келген зейінді топтар өзара білім мен тапқырлықта сайысты.
Нәтижелер:
I орын – Нұра ауданы «Ұлағат»
II орын – Байқоңыр ауданы «Зерде»
III орын – Алматы және Есіл аудандарының «Қазына» топтары
Ауыспалы кубок – Есіл ауданы «Сыр сандық» тобына
Сарыарқа ауданының командасы ұйымдастырушылар ретінде жарыстан өз еркімен шет қалды.
Бұл тек білім сайысы емес, ұлттық рухты көтеретін, әйел-ананың қоғамдағы рөлін дәріптеген тағылымды шара болды.



