Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдығына орай «Сол бір кеш» атты мәдени іс-шара өткізілді.
Қазақ даласын күмбірлі күйімен тербеген дәулескер күйші, халық әндері мен күйлерін оркестрмен жаңғыртып, «Отырар сазы» фольклорлық оркестрінің негізін қалаған әйгілі, дара тұлға есімі тарихта мәңгі қалады.
Концерт қатысушылары:
«Бәйтерек» ансамблі. Жетекшісі — Т.Ерденова
Концертмейстер — Ж.Калиев
«Елорда» халықтық ардагерлер хоры.
«Шырқа гитара» клубы. Жетекшісі — Б.Султанова
Көрермендер өнер ұжымдарын қошеметтеп, а шық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.



