Жаңалықтар
10 тамыз Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні. Биыл біз дана ақынның 180 жылдық мерейтойын ерекше құрметпен атап өтудеміз. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 100-ге жуық зейнеткері осы айтулы күнге орай қалалық Абай ескерткіші алаңында әсерлі өнер көрсетті. Шара барысында олар Абайдың ғибратқа толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ұлы ақынның әндерін орындап, поэзия мен […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қарасты «Kerbez_models» тобының әжелері Болгарияда өткен халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Жақында Болгарияның Обзор қаласындағы әйгілі «Амфитеатр» сахнасында хореографиялық өнердің «Би жағалауы» атты халықаралық фестиваль-байқауы өткен болатын. Бұл шара «Art in Motion» халықаралық жобасының аясында ұйымдастырылған мәдени оқиға болды. Фестиваль Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Болгария Республикасындағы Елшіліктерінің […]
Астана қаласының Кәсіптік-техникалық колледжінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара» атты қорытынды әдеби-сазды кеш өтті. Абай мұрасына арналған іс-шараны Нұра ауданының «Қыздарай» би тобы «Кең дала» биімен ашты. Мерекелік кешке елге белгілі зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер ұйымының жетекшілері, білім ордаларының басшылары, өнер майталмандары мен әдебиет […]
7 тамыз күні ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай – даналықтың нұрын сепкен Тұлға» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараның шымылдығын оқытушы, ғалым, әдебиеттанушы Маржан Бектұрсынқызы ашып, Абай болмысы мен оның адамзаттық мұрасына қатысты тағылымды ойларымен бөлісті. Кешке қоғам және мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер иелері қатысты. Олардың қатарында – «Құрмет» орденінің иегері, қаламгер, […]
5 тамыз күні «Қаламгерлер аллеясында» ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ұйымдастырды. Поэзия кешінде ұлт руханиятының темірқазығына айналған данышпан Абайдың өлеңдері мен қара сөздері оқылып, оның терең ойлары кеңінен насихатталды. «Байқоңыр» ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру […]
Бүгін Нұра ауданы бойынша қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – зерттеу нысаны ретінде» атты танымдық конференция өз мәресіне жетті. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» 6 ауданынан келген қызмет алушылар қатысты. Конференцияның шымылдығын Нұра ауданы қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Шамшидин Нағима Қалжабекқызы ашып, қатысушыларды […]
Есіл аудан бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының шығармашылық ұжымдары Ташкент қаласында өткен өнер байқауынан жүлдемен оралды. Кәсіби және көркемөнерпаз топтар арасында өткен байқауда Орталықтың «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі «Аспаптық өнер» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесін жеңіп алды. «Асыл мұра» ансамблінің көркемдік жетекшісі — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Батыр Темралиев, ансамбль жетекшісі — Аманкүл Тоқбергенова. Байқау […]
2025 жылдың 31 шілдесінде Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай жыры – мәңгілік мұра» атты поэзиялық-музыкалық кеш өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Абайдың мол рухани мұрасын ұлықтау, аға буын өкілдерінің шығармашылық әлеуетін танытып, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Кеш аясында Абайдың өлеңдері, әндері […]
Қазақ әйелі – нәзіктіктің, сұлулықтың, ұлылықтың символы. Сымбатты әрі күтімді болу – кез келген жаста жарасады. Жан мен тән сұлулығының үйлесімі әр әйелді айрықша етеді. Бүгін Сарайшық ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында сәйқой әжелердің қатысуымен фотокөрмесі өтті. Бұл шара –аға буын өкілдерінің бойындағы нұр мен шабыттың жарқын көрінісі болды. Фотокөрмеде Күлпаршын Тұрсынбайқызы, Күлсара Хасанова, […]
30 шілде күні Есіл ауданының әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Айкүне» қазақ гимнастикасы бойынша «Денсаулық — зор байлық» атты ашық сабақ өтті. Іс-шараны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаттықтырушысы, айкүне әдісінің шебері Гүлнәр Шинасилова өткізді. Сабақ барысында нұсқаушы Гүлнәр Сыздыққызы айкүненің егде жастағы адамдар үшін қауіпсіз, әрі тиімді гимнастика екенін атап өтіп, қатысушыларды салауатты өмір салтына […]



