Жаңалықтар
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз зейнеткерлері Халықаралық қарттар күніне орай «Қариялар елімнің қазынасы» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Іс-шара басында құттықтау сөз сөйлеген Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Жолаушыұлы пен Сарыарқа ауданы бойынша бөлім басшысы Кенжеболат Сапарұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, аға буын өкілдеріне зор денсаулық тіледі. Мерекенің ерекше сәттерінің […]
Қарттар айлығы аясында Астана қаласының белсенді зейнеткерлері арасында ауданаралық спорттық спартакиада өтті. Жарыс 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылып, аға буын өкілдерінің басын спорт алаңында қосты. Спартакиада «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының ұйымдастыруымен өтті. Шараның басты мақсаты – зейнеткерлердің денсаулығын нығайту, дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және […]
Бүгін «Жәрдем» орталығында жылулық пен мейірім сыйлаған кездесу кеші өтті. Атап айтқанда, халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаз зейнеткерлері «Жәрдем» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, қайырымдылық концертін ұсынды. Жылы жүздесудің басты мақсаты – ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың жүрегіне қуаныш […]
Астанада қарттар айлығы аясында аға буын өкілдерінің өнерін ұлықтап, шығармашылық қабілетін дәріптеуге арналған «Алтын күз» фестивалі өтті. Өнер мерекесіне қаланың әр ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарынан келген зейнеткерлер қатысып, ән айтып, күй тартып, би билеп, көркем сөз оқып, ұлттық өнердің озық үлгілерін көпшілікке ұсынды. Фестиваль сахнасында өнер көрсеткен аға буын өкілдері өздерінің шығармашылық әлеуетінің […]
Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласы мәслихатының депутаттары Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының барлық алты филиалына барды. Қонақтар орталық қатысушыларын мерекемен құттықтап, зейнеткерлермен әңгімелесіп, орталықтардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Орталық директоры Серік Жолаушыұлы қонақтарға филиалдар бойынша экскурсия жүргізіп, Орталықтың жұмысы, негізгі бағыттары мен аға буын өкілдеріне ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Депутаттар, сондай-ақ, сабақтар мен клубтарға […]
Халықаралық қарттар күніне орай Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буынға құрмет көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында дәстүрлі ән кеші өтті. Шара барысында Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Абсеметова аудан әкімі Ришат Тұрдыбековтың атынан Орталық қатысушыларына Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады. Кештің арнайы қонағы — Астана филармониясының әншісі, Қазақстанның еңбек […]
Елордамыздағы аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыруға, денсаулығын нығайтуға және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының құрылғанына бес жыл толады. Халықаралық қарттар күні қарсаңында осы айтулы датаға орай Қ. Қуанышбаев ат. театрының алаңында «Қарттарым – асыл қазынам!» атты ауданаралық мерекелік флешмоб өтті. Бес жыл ішінде орталық елорданың алты ауданындағы қазыналы қариялардың […]
Қарттар күні қарсаңында Сервис және туризм колледжінде «Қарттарын қадірлеген ел қадірлі» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығымен және Сервис және туризм колледжімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шара аға буын өкілдері мен жастарды өнер, музыка және жылы қарым-қатынас арқылы біріктірген ұрпақтар кездесуіне […]
Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, Қарттар күніне орай скандинавиялық жүрістен эстафета өтті. Іс-шараға 150 адам қатысты. Басталмас бұрын қатысушылар жеңіл дене қыздыру жаттығуларын орындап, кейін эстафетаның негізгі тапсырмасына кірісті. Қатысушылар бірлесіп «1 қазан» атты жаппай композиция құрып – Қарттар күнін символикалық түрде бейнеледі. Қатысушылар бір команда болып […]
Халықаралық қарттар күні қарсаңында Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ауданның Ардагерлер кеңесі және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, «Қарттар – асыл қазынамыз» атты флешмоб өткізді. Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты. Қатысушылар түрлі жаттығулар орындап, сергектік пен белсенділіктерін көрсетіп, салауатты өмір салтының маңыздылығын насихаттады. Мерекелік бағдарлама Орталықтың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Көрермендерге […]



