Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

Түркияның Анталия қаласында өткен «Dance with your soul!» халықаралық байқауында елордалық биші ата-әжелер жеңімпаз атанды. Оған Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының хореографиялық ансамбльдері қатысты. Іс-шараға Түркия, Грузия, Ресей және Қазақстаннан келген ұжымдар қатысты. Байқауда жалпы 115 конкурс нөмірі ұсынылды. Қазақстанды жоғары деңгейде «Қыздарай» халықтық ансамблі мен «Аңыз» хореографиялық ансамблі таныстырды. Біздің бишілер жарқын […]

Толығырақ

Сарайшық ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім саябағында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отбасы дәстүрлерін нығайтуға бағытталған «Әке көрген – оқ жонар», «Шеше көрген – тон пішер» атты отбасылық танымдық-спорттық іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мәдени мұраны сақтау, отбасы институтын нығайту және ата-бабадан келе жатқан рухани-адамгершілік құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру болды. Шараға Сарайшық ауданының […]

Толығырақ

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары Елордада өткен XII Халықаралық йога күніне белсене қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар йоганың денсаулықты нығайтуға, тән мен жан үйлесімін сақтауға, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға тигізетін пайдасына тағы бір мәрте көз жеткізді. Сонымен қатар, іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етіп, белсенді ұзақ өмір сүрудің маңыздылығын […]

Толығырақ

Әкелер күніне орай Алматы аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ата – Әке – Немере» атты теннис турнирі өтті. Іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылуында Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұргүл Талғатқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, әкенің отбасы мен қоғамдағы ерекше рөліне тоқталды. […]

Толығырақ

Астана қаласының Арбат алаңында «Сарыарқа» аудандық ардагерлер кеңесі мен «Сарыарқа» ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» бірлесіп ұйымдастырған «QYMYZ FEST – Қымызмұрындық 2026» этно-фестивалі өтті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған бұл ауқымды шара қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, халқымыздың бай мұрасын дәріптейтін тағылымды мерекеге айналды. Қымызмұрындық – қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі. Көктем шығып, бие […]

Толығырақ

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жасанды интеллект тақырыбында танымдық дәріс өтті. Іс-шараны Ауыл партиясының қызметкері Мирас Нұрболатұлы Нұра ауданы Ардагерлер кеңесімен бірлесіп өткізді. Дәріс барысында қатысушылар жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның күнделікті өмірде қолданылуы, ақпарат іздеу, мәтін дайындау және цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз […]

Толығырақ

15 маусым – Қарт адамдарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық туралы ақпарат таратуға арналған дүниежүзілік күн. Бұл күннің мақсаты – қоғам назарын қарттарға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелеріне аударып, олардың құқықтарын қорғаудың маңызын насихаттау. Осыған орай Сарайшық және Алматы аудандарына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.   Алматы ауданында ұйымдастырылған ішараға аудандық Ардагерлер […]

Толығырақ

КММ Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Арбат» алаңында «Жадыраған жаз» атты жазғы маусымдық би кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, белсенді өмір салтын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды. Кештің шымылдығы жүргізушілердің жүрекжарды құттықтауымен ашылып, қатысушыларды достық пен шаттыққа толы мерекелік атмосфераға жетеледі. […]

Толығырақ

Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен LRT пойызында қалаға танымдық саяхат өтті. Іс-шара барысында «Қаламгер» клубының мүшелері Құралай Нұрмағанова, Урманбек Тосқарин және Серік Құлмағанбет туған қалаға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, жолаушылармен ерекше әсер бөлісті. Клуб жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Батима Абдрахова қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын мәнерлеп оқып, қатысушылардың ықыласына бөленді. Мәдени […]

Толығырақ

Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында белсенді зейнеткер, әрі әуесқой суретші Байжан Умаровның «Әлем менің көзіммен» атты жеке сурет көрмесі өтті. Аталған көрмеде қыл қалам шебері замандастарына 30-ға жуық картинасын ұсынды. Іс-шара барысында қонақтар суретшінің шығармашылық туындыларымен танысып, әрбір картинаның мазмұны мен дүниеге келу тарихы туралы қызықты мәліметтер алды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын […]

Толығырақ