Халықаралық қарттар күніне орай Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буынға құрмет көрсету және ұлттық өнерді дәріптеу мақсатында дәстүрлі ән кеші өтті.
Шара барысында Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Абсеметова аудан әкімі Ришат Тұрдыбековтың атынан Орталық қатысушыларына Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Кештің арнайы қонағы — Астана филармониясының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының магистрі, «Бабалар – аманаты» қорының төрайымы Арайлым Рахымқызы болды. Ол дәстүрлі әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кешке Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері Сырсұңқар Базарбайұлы мен Қылыш Іңкәр де қатысып, дәстүрлі жыр-терме өнерін көпшілікке ұсынды.
Дәстүрлі ән – халқымыздың рухани мұрасы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық өнердің ажырамас бөлігі.
Қарияларымыз аман болып, әрдайым қамқорлық пен құрметке бөленсін! Ұлттық өнеріміз өркендеп, дәстүрлі әніміз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін! 🇰🇿



