Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы бірлесіп «Мемлекеттік рәміздер – мақтанышымыз, спорт – саулығымыз» атты спартакиада ұйымдастырды. Спорттық мерекеге оңалту гимнастикасы, йога, Айкүне, скандинавиялық серуен, би, жаттығу залы және дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) бағыттары бойынша қатысушылар атсалысты. Іс-шараның негізгі […]
Президенттік саябақта Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен таза ауада йога бойынша шеберлік сабағы өтті. Сабақты орталықтың йога нұсқаушысы Қарлығаш Өмірзаққызы жүргізді. Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың дене белсенділігін арттыру, денсаулықты жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Қатысушылар таза ауада йога жаттығулар кешенін орындап, тыныс алу техникасын меңгеріп, дене икемділігін дамытуға жұмыс жасады. […]
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұран орындалды. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздердің қоғам өміріндегі маңызын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына деген құрметті арттыру және отансүйгіштік рухты нығайту болды. Әнұранды бірлесе орындау барысында қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның басты нышандарына деген құрметтерін білдіріп, ел бірлігі […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына Сауд Арабиясы Корольдігі Елшісі кеңсесінің директоры, Елші протоколының бастығы Гассан Алахмади арнайы сапармен келді. Кездесу барысында қонақтарға орталықтың қызметі таныстырылып, зейнеткерлік жастағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік, мәдени-танымдық және сауықтыру бағытындағы жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау, аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара барысында орталық ұжымы ерекше балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, құттықтау концертін ұсынды. Концерттің басында «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің директоры Ғалия Жандосқызы, №3 қалалық емхана жанындағы […]
Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қоғам және мемлекет қайраткері, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай тағылымды әдеби кеш өтті. Іс-шараны «Ұлағат бірлестігі» әдеби клубы, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті және Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі бірлесіп ұйымдастырды. Кеш барысында Әлихан Бөкейханның өмір жолы, Алаш қозғалысындағы тарихи […]
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Белсенді ұзақ өмір орталығы әлеуметтік нысан аумағын көгалдандыру сияқты маңызды әрі игі іске қатысты. Алматы және Сарайшық аудандарынан келген күміс волонтерлер орталық қызметкерлерімен бірге ағаш отырғызу жұмыстарына шығып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және көріктендіруге өз үлестерін қосты. Жұмыстар болашақта одан әрі жасыл әрі жайлы кеңістікке айналатын әлеуметтік нысан аумағында […]
Жаз — күн шуағы мол, жылы әрі жайлы мезгіл. Бұл уақыт зейнеткерлер үшін жаңа әсерлер мен қарым-қатынасқа толы кезеңге айналады. Олар үшін жазғы саябақтарда уақыт өткізу әдетке айналған: мұнда демалыс денсаулықты нығайтумен, шығармашылық және танымдық іс-шаралармен ұштасады. Осындай шаралардың бірі — орталық қызметалушыларына арналған «Жадыраған жаз» атты маусымдық би кеші. Әр сәрсенбі күні 17:00-ден 19:00-ге […]
Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Абайдана, Абай дара» атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараны Алматы ауданының «Ұрпаққа аманат» клубы ұйымдастырды. Байқауға Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Нұра және Сарайшық аудандарының командалары қатысып, өз білімдерін, эрудициясын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Қатысушылардың білімін белгілі тұлғалардан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады: Қабылбек Жағыпаров — тарихшы, ақын, сазгер; […]
Сарайшық ауданы бойынша «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Аманат» партиясы атынан Астана қаласы Сарайшық ауданы №4 бірмандатты округінен сайланған мәслихат депутаты Мадина Берікболқызы Әжікенованың халықпен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында депутат атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылған әлеуметтік бастамалар және алдағы жоспарлар туралы жан-жақты баяндады. Сонымен қатар аудан аумағында әлеуметтік қолдау көрсету, инфрақұрылымды дамыту және халықтың […]



