Халықаралық қарттар күні қарсаңында Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ауданның Ардагерлер кеңесі және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, «Қарттар – асыл қазынамыз» атты флешмоб өткізді.
Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты. Қатысушылар түрлі жаттығулар орындап, сергектік пен белсенділіктерін көрсетіп, салауатты өмір салтының маңыздылығын насихаттады.
Мерекелік бағдарлама Орталықтың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Көрермендерге әртүрлі тілдердегі әндер, термелер, сондай-ақ музыкалық және би композициялары ұсынылды.

Іс-шараға Астана қаласы Ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Мұхтар Еркетаев, Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Астана қаласы Ардагерлер кеңесі Пленумының мүшесі Еркін Дауешев, қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының басшысы Серік Қарабатыров, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Хисматуллин және Сарыарқа ауданының депутаттары қатысты.




