Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, Қарттар күніне орай скандинавиялық жүрістен эстафета өтті.

Іс-шараға 150 адам қатысты. Басталмас бұрын қатысушылар жеңіл дене қыздыру жаттығуларын орындап, кейін эстафетаның негізгі тапсырмасына кірісті. Қатысушылар бірлесіп «1 қазан» атты жаппай композиция құрып – Қарттар күнін символикалық түрде бейнеледі.

Қатысушылар бір команда болып әрекет етіп, ортақ композицияны қалыптастырды. Бұл аға буынның бірлігі мен белсенділігін көрсетті.

Іс-шара соңында скандинавиялық жүріс топтарының жетекшілері марапатталды.

Іс-шара спортты, қарым-қатынасты және белсенді өмір салтын насихаттай отырып, қатысушыларды жылы әрі достық атмосферада біріктірді.