Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Наурызнама –Ұлттық киім күні» аясында «Қазақтың ұлттық киімі – ұлттың мәдени құндылығы» тақырыбында ұлттық киімдер шеруін өткізді.
Іс-шараның мақсаты — ұлтымыздың дәстүрлі киімдерін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу еді.
Мереке күні ұлттық киім киген Орталықтың зейнеткер ата-әжелері Қонаев көшесімен жүре өтіп, Бәйтерек монументіне аялдады. Ақ тілектерін ақтара айтып, ұлттық нақышта би де биледі.


Сонымен қатар зейнеткерлерді бір топ өнерлі жастар қолдап қатарға қосылды.
«Биыл салт-дәстүр мен ұлттық стильді, ұлттық мінезімізді айшықтайтын ұлттық киім күні ерекше көңіл күйде өтті. 18 наурызда ұлттық киім шеруін өткізуді Есіл ауданының ата-әжелері дәстүрге айналдырған. Бүгін шеруде 100-ге жуық зейнеткер атсалысып, 3 қатарға бөлініп жүріп өтті» — деп пікір білдірді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мәдени ұйымдастырушысы Гүлшат Әлекешқызы.
Іс-шарада «Ауыл» партиясының жастары бастама жасап, дәмді бауырсақ, құрт-ірімшік, балдай тәтті қымыз ұсынды. Осылайша салт-дәстүріміз дәріптелді.