Автор: user
4 қарашада Есіл ауданында зейнеткерлерге арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингті орталықтың психологы Күлбадам Кенженова жүргізді. Тренинг «Темперамент түрлері», психологиялық өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, қарым-қатынасты және бірлескен жұмысты жақсарту тақырыптарына арналды. «Темперамент — адамның табиғи ерекшелігі. Ол эмоциялық қабылдау мен мінез-құлықтың негізінде жатыр. Темпераменттің белгілі төрт түрі — холерик, сангвиник, флегматик және меланхолик — өзгермейтін қасиет […]
Ботаникалық саябақта БҰӨСО мен Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Қарты бар үйдің қазынасы бар» атты спорттық флешмоб өтті. Іс-шараның мақсаты – егде жастағы адамдарды спортпен айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау еді. Флешмобқа 215 белсенді зейнеткер қатысты. Қатысушылар үлкен ынтамен және көтеріңкі көңіл күймен жаттығулар жасап, өмірге деген құлшынысы мен сергектігін көрсетті. […]
31 қазанда «Ғашықтар» саябағында Нұра ауданының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі сауықтыру және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған презентациялық көрсетілімін өткізді. Іс-шара барысында зейнеткерлерге келесі бағыттар бойынша қызмет түрлері таныстырылды, олар: скандинавиялық серуен, айкүне, оңалту гимнастикасы (ЛФК), йога, би,арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері мен «Атамекен» ансамблі. Орталық қызметкерлері сауықтыру жаттығуларын көпшілікке көрсетіп, көрнекі материалдар арқылы орталықтағы […]
Бүгін Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. ⠀ Концертке орталықтың қызмет алушылары белсенді қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Кеш барысында «Сарайшык сазы» вокалдық ансамблі, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Қолөнер» клубының атынан «Шаңырақ» шығармашылық нөмірі және жеке орындаушылар көрермендерге тамаша өнер көрсетті. Шара басында «Зияткерлер» клубының жетекшісі мемлекеттік […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Концерт – Тәуелсіздік рухының, халық бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығының нағыз бейнесі болды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриотизмді нығайту және қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсету еді. Астана қаласы «AMANAT» […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұрпаққа аманат» зияткерлік клубы мен Тұран университетінің студенттері арасында бірлескен іс-шара өтті. «Республика – менің бақытты мекенім» атты кештің негізгі мақсаты – студенттер мен ардагерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттыру және тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеп, Отанға […]
2025 жылдың сәуір айынан бастап Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында танымал спорт түрлерінің бірі — бильярд клубы өз жұмысын бастады. Ашылған сәттен бастап мұнда 60-қа жуық зейнеткер тіркеліп, тұрақты түрде айналыса бастады. Күн сайын клубқа 20-30 адам қатысады. Олар бос уақыттарын өткізумен қатар, өз шеберліктерін жетілдіруде. Клубтың жұмысына белсенді зейнеткер, волонтер Кусейн Юсупов […]
22 қазан күні Қазақстан Республика күні мерекесі аясында Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Асыл мұра» домбыра ансамблінің концерті өтті. Ансамбльдің жетекшісі – Аманкүл Тоқбергенова, музыкалық жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген күйші Батыр Жанғазиев. Концерттің тақырыбы – «Ұлттық мереке». Бағдарлама барысында қазақ халқының ұлы күйшісі, «Күй атасы» Құрманғазының, оның шәкірті, «Күй анасы» Дина […]
23 қазанда Есіл ауданында Республика күніне арналған «Қыран елім!» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шарада елорданың әр ауданынан келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Армандастар» вокалдық тобы, Алматы ауданының биші зейнеткерлері, «Нұра әуендері» ансамблі, «Ғасыр сазы» фольклорлық ансамблі мен т.б. өнер ұжымдары өнер көрсетті. Сонымен қатар, зейнеткерлермен бірге өнерлі балалар да бір сахнада өнер […]
Қазақстан Республикасының күніне орай Нұра ауданынан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушы зейнеткерлері «Шабыт биі» атты мерекелік би флешмобын дайындады. Қойылымның жетекшісі — Орталықтың хореограф- маманы Ирина Смағұлова болды. Ирина Николаевна би үйірмесінің қатысушыларын біріктіріп, оларды жарқын шығармашылық нөмір жасауға шабыттандырды. Ақ Орда фонындағы әдемі би Шабыт, Бірлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналды. […]



