23 қазанда Есіл ауданында Республика күніне арналған «Қыран елім!» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шарада елорданың әр ауданынан келген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Атап айтқанда, «Армандастар» вокалдық тобы, Алматы ауданының биші зейнеткерлері, «Нұра әуендері» ансамблі, «Ғасыр сазы» фольклорлық ансамблі мен т.б. өнер ұжымдары өнер көрсетті.

Сонымен қатар, зейнеткерлермен бірге өнерлі балалар да бір сахнада өнер көрсетті. Мерекелік кеште №3 музыкалық мектеп пен №103 мектептің жас домбырашыларының шығармашылық номерлері көрермен көңілінен шықты.

Концерт соңында құттықтау сөздер айтылып, жиналғандар өнерпаздарға алғыстарын білдірді.



