Автор: user
Қарттық – өмірдің алтын кезеңі. Бұл шақта денсаулықты сақтап, сергек болу үшін қозғалыс пен дене белсенділігі аса маңызды. Пилатес – егде жастағы адамдар үшін таптырмас таңдау. Бұл жаттығу жүйесі бұлшықетті нығайтып, буындардың қозғалысын жеңілдетіп, дененің икемділігін арттырады. Осы ретте Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ағымдағы жылы сауықтыру бағытындағы жаңа қызмет түрін қосып, пилатес үйірмесін ұйымдастыруды […]
17 қараша – Халықаралық шала туған балалар күні. Бұл күн мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилерге көрсетілетін қамқорлық пен қолдаудың маңыздылығын еске салады. Атаулы датаға орай Сарыарқа ауданының ерікті зейнеткерлері жыл сайынғы игі дәстүрмен «Ана мен бала» орталығына барды. Биылғы қайырымдылық шарасына зейнеткерлеріміз ерекше дайындалып, екі ай бойы бас қосып, табиғи жүннен сәбилерге арналған бұйымдар – […]
Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері «Нұрлы жүрек» орталығымен бірлесіп, жүрекке жылу сыйлаған мәдени-қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – екі орталық арасындағы әлеуметтік байланысты нығайту және балаларға қуаныш сыйлау болатын. Концерт барысында зейнеткерлер ертегіден шағын қойылым қойып, балалардың көңілін көтерді. Ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Балалар да белсенді […]
13 қараша күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Нью – Йорк марафонының жеңімпазы, спортшы Салтанат Түйтебаевпен кездесу кеші өтті. «Жас – тек сан ғана» деген атаумен өткен іс-шараның негізгі мақсаты – марафоншының өмір жолы мен еңбек жолын, спорттағы жетістіктерін, табандылығы мен еңбекқорлығын замандастарына насихаттап, зейнеткерлерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру еді. Кездесу кеші барысында марафоншы […]
Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында кибер полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық алдын алу туралы дәріс өткізді. Бұл интернет-алаяқтық тақырыбына арналған танымдық дәрісте қалалық ПД киберполиция бөлімінің бастығы Шахназар Экласұлы Жүнісов спикер ретінде сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушыларға онлайн-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтылды. Атап айтқанда: «банк қызметкерлерінен» және өзге ұйымдардан келетін телефон қоңыраулары, сондай-ақ […]
Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұлағат» әдеби бірлестігінің белсенді мүшелері Алданыш Нұрахметұлы Нұрпейісовтің «Болмысты баптау: Абай іліміне саяхат» және Сансызбай Сағындықұлы Мұқановтың «Ерекше сөздіктер» атты еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны «Ұлағат» әдеби бірлестігінің жетекшісі, руханият жанашыры Рауза Ғалиақпарқызы Исмурзина жүргізді. Рухани мәні зор бұл кездесу жылы әрі шабытты атмосферада өтті. Қатысушылар жаңа еңбектердің […]
Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Ағаш шебері үйірмесінің қатысушыларымен сұхбат — Ағашпен жұмыс істеудің сіздер үшін ең құнды тұсы немесе рухани пайдасы қандай? — Біз үшін ағашпен жұмыс істеу тек қолөнер емес, жанға нәр беретін шығармашылық процесс. Ағашты ұстап, өңдеп, одан әдемі бұйым жасау адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. Қолмен іс […]
Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы Хотилал мырза мен Үнді мәдени орталығының жетекшісі мисс Налини Сингхалдың қатысуымен йогадан шеберлік сабағы өтті. Сабақ барысында қатысушылар түрлі тыныс алу жаттығуларының техникасымен танысты. Хотилал мырза тыныс алу әдісін түсіндіріп, оның әр кезеңін көрсетіп берді. Бұл тәсіл адамның ішкі үйлесімге жетуіне, зейінді […]
Нұра ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Гаухар Бахытбекқызының жетекшілігімен арт-терапия сабақтары өтуде. Сабақтар шығармашылық атмосферада ұйымдастырылып, қатысушылар сурет пен түстер арқылы өз эмоциялары мен ішкі жан дүниесін бейнелеуге мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда арт-терапия сабақтарына 129 зейнеткер қатысуда. Қатысушылар 8 топқа бөлініп, бейнелеу өнерінің негіздерін үйреніп, түрлі сурет салу техникасын меңгеріп жатыр. Сабақтар Гаухар Бахытбекқызының […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметі туралы Орталық директоры Серік Жолаушыұлы Қарабатыровпен сұхбат — Серік Жолаушыұлы, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының негізгі мақсаты қандай? Жұмыстың басты бағыттарына тоқталып өтсеңіз. — Орталығымыздың басты мақсаты – егде жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне және олардың мәдени демалысын ұйымдастыруға жағдай жасау. Біздің орталықта зейнеткерлер үшін спорттық-сауықтыру үйірмелері, тіл […]



