Автор: user
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанынан құрылған «Театр әлемі» клубының өнерлі зейнеткерлері өз замандастарына ерекше тарту жасады. Олар қазақтың біртуар композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай «Әнім сен едің» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Кешке 100-ге жуық зейнеткер мен Орталықтың мәдени ұйымдастырушылары, сондай-ақ Шәмші шығармашылығын сүйетін көрермендер жиналды. Қойылым барысында театр клубының 15 мүшесі композитордың жан […]
Жыл сайын Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — ерекше назар мен қолдауды қажет ететіндерге көмек пен қамқорлықтың игі ісіне арнаған адамдардың мерекесі атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында Астана қаласының «Жастар» театрында Әлеуметтік сала қызметкерлерін біріктірген салтанатты іс-шара өтті. Сахнада алғыс сөздер, құттықтаулар мен алғыс хаттар айтылды. Марапатталғандардың қатарында әкімнен […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері ұрпақтар сабақтастығы аясында елордадағы 73 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Тағылымды кездесуді ұйымдастыруға тарих пәнінің мұғалімі Гаури Жомартова мұрындық болды. Іс-шара Гаури Ботақанқызының «Алаш заңгерлері: тәуелсіздік пен сабақтастық тақырыбын зерттеуде инновациялық әдістерді қолдану» атты авторлық бағдарламасы аясында маңызды кездесуге айналды. Кездесу барысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының белсенді қатысушысы, әрі […]
Елордада қарттар айлығы аясында Сарыарқа аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жүннен моншақ жасау бойынша шығармашылық шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Мастер-класты арт-терапия үйірмесінің жетекшісі Жібек Жайкенова жүргізді. Іс-шара әр ауданнан келген егде жастағы қатысушылардың басын қосты. Кездесу ерекше көңіл күйде өтті, қатысушылар бір-біріне көмектесіп, идеяларымен бөлісіп, әсем әшекей бұйымдар жасады. Жібек Жайкенованың жетекшілігіндегі арт-терапия үйірмесі орталықтың […]
Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының art-студиясы үшінші жыл қатарынан қуаныш пен жылылық сыйлап, мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып келеді. Бүгінгі игі бастамаға «Жас толқын» жастар денсаулық орталығының өкілдері мен Сервис және туризм колледжінің волонтёрлері де қосылды. Бірлесіп, олар реабилитациялық орталықтың тәрбиеленушілерін барып құттықтады, балалар мен педагогтарға […]
2025 жылғы 14 қазанда Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұжымына жаңа директорды ресми түрде таныстырды. Орталық басшылығы мен бөлім жетекшілері қатысқан жиында Илья Васильевич жаңа басшы Серік Жолаушыұлы Қарабатыровтың өмірбаяны мен кәсіби тәжірибесі туралы айтып, қызметіне сәттілік тіледі. Өз сөзінде Серік Жолаушыұлы артылған сенімге […]
Есіл ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жауынгерлері – Поколение победителей» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат басқармасы» басшысы Нұрдаулет Әлмұханов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев, қоғам қайраткері, профессор Майдан […]
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында елордадағы №73 мектеп-лицейде екі буын өкілдерінің тағылымды кездесуі өтті. Астана қаласы әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен ұйымдастырылған бұл кездесудің құрметті қонағы – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ұрпағы, ардагер ұстаз Сырғакүл Дүтбаева болды. Сырғакүл Дүтбаева – Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы Күлбадан Абайқызының ұрпағы, яғни Абайдың жиен келіні, Дүтбайдың келіні […]
Қарттар айлығы аясында Менеджмен және бизнес колледжінің бастамасымен өнерлі студенттер Сарыарқа ауданының зейнеткерлерін Қарттар күні мерекесімен құттықтап, ән шашуын арнады. Екі буын өкілдері сахна төрінде өнер көрсетіп, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнерлі студенттермен қатар, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерпаздары да өнер көрсетіп, «Шашу» биін билеп, «Сарыжайлау» күйін шертіп, дәстүрлі және эстрадалық әндерді орындады. Сонымен […]
Бүгін Ботаникалық саябақта Қарттар күніне орай «Әр қадам ұзақ ғұмырға жетелейді» атты тақырыпта скандинавиялық серуеннен марафон өтті. Іс-шара Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен өтіп, марафонға елордалық 200 зейнеткер қатысты. «Бізде кәрілік деген жоқ. Заманымызға қарай аман-сау болып, халыққа өзіміздің шамамыз келгенше қызметімізді көрсету мәселесі. Біздің орталықтарға күніне 3500-ден астам адам келеді. Оларға қоятын мақсатымыз […]



