22 қазан күні Қазақстан Республика күні мерекесі аясында Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Асыл мұра» домбыра ансамблінің концерті өтті. Ансамбльдің жетекшісі – Аманкүл Тоқбергенова, музыкалық жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген күйші Батыр Жанғазиев. Концерттің тақырыбы – «Ұлттық мереке».

Бағдарлама барысында қазақ халқының ұлы күйшісі, «Күй атасы» Құрманғазының, оның шәкірті, «Күй анасы» Дина Нұрпейісованың, сондай-ақ әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің танымал шығармалары орындалды.

Сонымен қатар, Сырғагүл Дүтбаева орындаған «Келіншек» биі мен халық әндерін шырқаған Сара Нұрғалиева және Ұлжан Таңатар апалар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Асыл мұра» домбыра ансамблінің концерті жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.



