31 қазанда «Ғашықтар» саябағында Нұра ауданының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі сауықтыру және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған презентациялық көрсетілімін өткізді.
Іс-шара барысында зейнеткерлерге келесі бағыттар бойынша қызмет түрлері таныстырылды, олар:
скандинавиялық серуен, айкүне, оңалту гимнастикасы (ЛФК),
йога, би,арт-терапия,
шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері мен «Атамекен» ансамблі.

Орталық қызметкерлері сауықтыру жаттығуларын көпшілікке көрсетіп, көрнекі материалдар арқылы орталықтағы белсенді, әрі салауатты өмірдің үлгісін ұсынды.
Сонымен қатар, жиналғандарға орталықта көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстыру үшін ақпараттық брошюралар таратылды.
Аталған іс-шара жаңадан зейнеткерлерді тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ аудан тұрғындарының шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.



