Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында орталыққа келушілерге құқықтық және медициналық көмек көрсету мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға түрлі сала мамандары қатысты: • жеке сот орындаушысы Гүлжан Байғұжиновна;
заң кеңесшісі Рахимжан Гиззатович;
нотариус Айнагүл Жәкина;
адвокат Айнар Махметова;
салауатты өмір салты бойынша дәрігер Евгений Гурский;
орталықтың медициналық кеңесшісі Шағуал Сүлейменова.

Іс-шара барысында мамандар қатысушыларға жеке кеңес беріп, олардың сұрақтарына жауап берді және құқықтық әрі медициналық мәселелер бойынша қажетті ұсынымдар ұсынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне білікті көмек алуға мүмкіндік жасау, өзекті өмірлік мәселелерін шешуге қолдау көрсету және қажетті мамандардың кеңесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету.



