Жақында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Әділет» партиясынан Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттың аға буын өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттары түсіндіріліп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және аға буын өкілдерін толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуге заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Жамаладин Ибрагимов қатысып, өз пікірін білдірді.
Шараға Нұра ауданынан 50 зейнеткер қатысты.



