Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

1 қазан – Қарттар күніне орай Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы «Күміс қимыл – жеңіл дене жаттығулары» атты сауықтыру шарасын өткізді. Шара «Нұрлы жол» вокзалының алдында Аудан әкімдігі мен Спорт комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Орталықтың зейнеткерлері жеңіл дене жаттығуларына белсене қатысып, денсаулықты нығайтуға және қимыл-қозғалысты арттыруға бағытталған жаттығулар орындады. Қатысушылар сергіп, көтеріңкі көңіл […]

Толығырақ

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұлы ақын әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған ауданаралық күзгі зияткерлік ойын өтті. Іс-шара Халықаралық қарттар күні қарсаңында Нұра ауданының «Ұлағат» зияткерлер клубының ұйымдастыруымен өткізілді. Зияткерлік сайысқа бес ауданның командалары қатысты: Сарыарқа ауданының — «Сарыарқа», Байқоңыр ауданының — «Зерде», Есіл ауданының — «Сырсандық», Сарайшық ауданының […]

Толығырақ

Халықаралық қарттар күніне орай Астанада жыл сайынғы «Қарттар – біздің қазынамыз» флешмобы өтті. Оған Есіл ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен мектеп оқушылары қатысты. Флешмобты Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Есіл ауданының әкімдігі және Спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы бірлесіп ұйымдастырды. Музыка ырғағымен орталықтың әжелері мен мектеп оқушылары арнайы флешмоб […]

Толығырақ

Қарттар күні қарсаңында Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер арасында қол күрестен командалық жарыс ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа «Жерұйық», «Айкүне», «Жаттығу залы», «Пилатес» және «Оңалту гимнастикасы» үйірмелерінің командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында тартысты бәсеке өрбіді. Ерлер мен әйелдер арасында «Жаттығу залы» үйірмесінің ата-әжелері басымдық танытып, қарсыластарынан озып […]

Толығырақ

Алматы ауданының зейнеткерлері мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына қатысып, қаланы абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Іс-шара барысында Петрова көшесіндегі «Орбита» дүкенінің маңында 30-ға жуық зейнеткер ағаш отырғызып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған игі бастамаға қатысушылар белсенділік танытып, туған қаланың көркеюіне атсалысты. Алматы ауданы бойынша әлеуметтік […]

Толығырақ

Астанада Қарттар күні қарсаңында аға буын өкілдерінің шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған «Әсем қимыл – әдемі ғұмыр» атты би фестивалі өтті. Фестивальді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ұйымдастырды. Шараға елорданың Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа, Сарайшық және Нұра аудандарының әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алушы зейнеткерлер қатысып, би өнеріндегі шеберліктерін ортаға салды. Фестивальдің басты мақсаты – аға […]

Толығырақ

Сарайшық ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-мен және аудан ардагерлерімен бірлесіп, «Ұлы даланың жазба мұралары» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында Орталық қатысушыларына халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын танытатын құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар таныстырылды. Сондай-ақ, көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді. «Ұлағатты шара ұлттық […]

Толығырақ

17 қыркүйекте Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына жұмыс сапарымен Шанхай қаласындағы «Янчжи» оңалту ауруханасының өкілдері келді. Қытайлық делегацияны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Қарабатыров қарсы алып, қонақтарға Орталықтың қызметі мен негізгі бағыттары туралы кеңінен ақпарат берді. Сапар барысында делегация мүшелері алдымен ресепшн аймағында Орталықта көрсетілетін әлеуметтік және сауықтыру қызметтерімен, қызмет […]

Толығырақ

Қарттар айлығы аясында Байқоңыр ауданында аға буын мен жастарды спорт арқылы біріктірген тағылымды кездесу өтті. Байқоңыр ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері арасында «Бірлік. Достық. Спорт!» атты үстел теннисінен жолдастық турнир ұйымдастырылды. Іс-шараны Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Қарабатыров ашып, қатысушыларға ақжолтай тілегін білдіріп, сәтті […]

Толығырақ

12 қыркүйекте Астанада Отбасы күні мен Халықаралық цигун күніне орай аға буын өкілдеріне арналған тағылымды, әрі мазмұнды сауықтыру шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара «Ататүрік» саябағында өтіп, оған Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 50-ге жуық зейнеткері қатысты. Шараның басты мақсаты – егде жастағы азаматтарды белсенді өмір салтына тарту, денсаулықты нығайтуға бағытталған жаттығуларды кеңінен насихаттау және […]

Толығырақ