Автор: user
Отбасы күніне орай Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Нұра ауданы әкімдігі мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бірлесуімен «Отбасы – ұлттық құндылықтың негізі» атты тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Турнирді Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Мұрат Темірболатов ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, барша жиналғандарды Отбасы күнімен құттықтады. Турнирге №111 мектептің оқушылары қатысып, екі […]
Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, Отбасы күніне орай «Отбасы – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің бастауы» атты скандинавиялық жүрістен спорттық-сауықтыру марафоны өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және тұрғындар арасында белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыру. Марафон барысында қатысушылар скандинавиялық жүріспен айналысып, […]
Жақында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы жұмысын бастады. Атап айтқанда, Министрліктің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі IV шақырылымдағы Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Отырыста Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының жұмыс тәртібі мен негізгі бағыттары айқындалып, министрлікпен өзара іс-қимылдың басымдықтары белгіленді. Жаңадан жасақталған Қоғамдық кеңестің құрамына әріптесіміз, әлеуметтік […]
«Ұлағат» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – достықтың дәнекері» атты дөңгелек үстел өтті. Тіл мерекесін ұйымдастыруға әдеби бірлестіктің жетекшісі Рауза Исмурзина мұрындық болды. Іс-шара Қазақстан халқының тілдеріне құрмет көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, тіл арқылы халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту және аға буын мен жастар арасындағы […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Дәрісті «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Әділхан Дүйсебек […]
Астана қаласындағы «Жетісу» саябағында жазғы маусымды қорытындылаған ерекше мәдени шара – «Жадыраған жаз» би кешінің соңғы кеші өтті. Көңілді әуен, әсем би, ретро әндер мен көтеріңкі көңіл күй тоғысқан мерекелік кешке аға буын өкілдері қатысып, жаздың соңғы күндерін ерекше көңіл күймен шығарып салды. Жаз бойы жалғасқан «Жадыраған жаз» кештерінің басты мақсаты – аға буын өкілдерінің […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Кербез» модельдер тобы Қытай Халық Республикасында өткен халықаралық мәдени-өнер фестивалінде Қазақстанның ұлттық мәдениетін лайықты таныстырып, Алтын жүлдені жеңіп алды. 2026 жылғы 9–14 маусым аралығында Үрімжі қаласында өткен «Le Dance World – Шыңжаң «Тяньшань кубогы» халықаралық мәдени-өнер алмасу фестивалі» аясындағы «Лэуэ Шицзянь» әдеби-мәдени фестиваліне 65 жастан асқан өнерпаздардан […]
Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ардагерлер кеңесімен бірлесіп «Адал азамат» тақырыбында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ішкі саясаттың негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру, азаматтардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру және «Адал азамат» құндылықтарын кеңінен насихаттау. Дәрісті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ журналистикасының ардагері Ғалия Құсайынқызы жүргізді. Ол өз сөзінде […]
Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қауіпсіз қоғам мен қуатты мемлекет» тақырыбында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – зейнеткерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы заң мен тәртіпке қатысты түсінігін кеңейту. Дәрісті Астана қаласы Полиция департаменті Есіл ауданы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің өкілі Өмір Нұрахметов жүргізді. Кездесу барысында зейнеткерлер құқықтық мәселелер […]
Алматы ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 40-қа жуық зейнеткері Тұңғыш Президент мұражайына танымдық экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар мұражайдың бай экспозицияларымен танысып, еліміздің тарихы мен мәдени мұрасын бейнелейтін құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ, мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдері, тарихи оқиғалар мен маңызды тұлғалар туралы тың мәліметтерге қанығып, ерекше әсер алды. Экскурсия жүргізушілері әр бөлім бойынша мазмұнды […]



