Автор: user
Елорда күніне орай Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының скандинавиялық серуен үйірмесінің қатысушылары үйірме жетекшісі Туғанай Қойшықызымен бірге Есіл өзеніне теплоходпен саяхатқа шықты. Мерекелік серуенге 65 адам қатысты. Жаздың жайма-шуақ ауа райы, сүйікті әуендер мен Астананың көркем келбеті ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады. Қатысушылар би билеп, еркін әңгімелесіп, елорданың әсем көріністерін тамашалап, көтеріңкі […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Әгугай» этно-фольклорлық ансамблі «ASTANA – SUMMER – FEST» халықаралық көпжанрлы байқау-фестивалінде Бас жүлде жеңіп алды. Байқауға көптеген шығармашылық ұжымдар қатысты. Алайда «Әгугай» әнін жоғары деңгейде орындаған біздің ансамбль көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленіп, фестивальдің ең жоғары марапаты – Бас жүлдесінің иегері атанды. Фестиваль қорытындысы бойынша […]
Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының скандинавия жүрісі үйірмесі, поэзия клубы және оңалту гимнастикасының қатысушылары, сондай-ақ, орталықтың белсенді зейнеткерлері Жерұйық саябағында «Әділет» партиясымен бірлесіп Астана күніне орай мерекелік флешмоб ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – елорда мерекесін кеңінен насихаттап, қатысушылардың патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын дәріптеу және қоғамдағы ауызбіршілік пен белсенділікті нығайту. Флешмоб көтеріңкі […]
Жеңісқожа Жұмабаев Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына екі жылдан бері тұрақты түрде келіп жүр. Осы уақыт ішінде ол «Аңыз» би ансамблінің ең белсенді мүшелерінің біріне айналды. 85 жасында алғаш рет би өнерімен айналыса бастаған ол жаңа хоббиді меңгеріп қана қоймай, үлкен жетістіктерге де қол жеткізді. Жеңісқожа Жұмабаев – жоғары мәдениетті, парасатты, зиялы, кейінгі ұрпаққа өнеге […]
Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі 23–27 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өткен Zhulduz ART халықаралық өнер байқауында Бас жүлде – иегері атанды. Байқау Қырғыз Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен және Қырғызстан Халықтары Ассамблеясының қолдауымен өтіп, оған әртүрлі елдерден келген дарынды өнерпаздар қатысты. Байқауда ансамбль мүшелері «Бақтыбайдың әуені» […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Күләнда Төлебаева «Объективте – менің әлемім» атты Республикалық мобильді фотобайқауға қатысып, «Мәселеге бет бұр» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді. Қазылар алқасы оның Талдыкөл көлін қорғау тақырыбына арналған «Көлді құшақта» атты фотожұмысын жоғары бағалады. Бұл туынды қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты сақтаудың маңыздылығына қоғам назарын аударуға бағытталған. […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қатысушыларға құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заңгерлік кеңес» акциясы өтті. Акция барысында зейнеткерлер өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес алды. Мамандар қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты түсіндіріп, күрделі өмірлік жағдайларда туындаған мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп, қажетті құқықтық ақпарат ұсынды. Қатысушылар мұндай кездесулердің өздері […]
Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен «Zhuldyz Art» халықаралық өнер байқауында бас жүлде иегері атанды! Бұл жоғары марапат – ансамбль мүшелерінің талантының, қажырлы еңбегінің және ұлттық өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі. Ұжым халықаралық сахнада қазақтың ұлттық өнерін лайықты таныстырып, Сарайшық ауданының мерейін асқақтатты. Осы марапатпен […]
Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлттық волонтерлік желінің еріктілері орталық қатысушыларына «Әлеуметтік желілерді қолдануды үйрену» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Дәріс барысында қатысушылар WhatsApp, Instagram және Telegram әлеуметтік желілерін тиімді әрі қауіпсіз пайдаланудың негізгі жолдарымен танысты. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Еріктілер […]
Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған киберқауіпсіздік тақырыбында танымдық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – зейнеткерлердің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырып, интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттерден сақтандыру жолдарын түсіндіру. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аман Мұратпекұлы қатысып, орталық қызмет алушыларымен ашық форматта әңгіме […]



