Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Жеңіс күні қарсаңында «Заң және тәртіп» акциясы аясында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан турнир өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ, қатысушылар арасындағы достық пен бірлікті нығайту болды.

Турнирге орталықтың бірнеше ауданынан командалар қатысып, тоғызқұмалақ ойынындағы жоғары дайындық деңгейі мен шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
🥇 І орынды Есіл ауданының командасы иеленді;
🥈 ІІ орын Нұра ауданының командасына бұйырды;
🥉 ІІІ орынды Байқоңыр ауданының командасы жеңіп алды.

Турнир, соңында, жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың ұлттық спортты дамытуға, жастар мен аға буын арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ, қоғамдағы бірлік пен татулықты арттыруға ықпал ететінін атап өтті.