1 қараша күні Нұра ауданы бойынша БҰӨСО-ның спорт инструкторлары «Жансая» әлеуметтік көрсету орталығында қызмет алатын аналарға «Айкүнеден» қайырымдылық сабағын өткізді. «Айкүне» гимнастикасы – қазақтың ұлттық мұрасы ретінде ғана емес, сонымен қатар денсаулықты нығайтуда да маңызды рөл атқарады.
Негізгі пайдалы жақтары:
— Буындардың икемділігін арттыру
— Омыртқа жотасының денсаулығын сақтау
— Бұлшық еттерді нығайту
— Қан айналымын жақсарту
— Психологиялық жағдайды жақсарту



