Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

7 тамыз күні ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай – даналықтың нұрын сепкен Тұлға» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараның шымылдығын оқытушы, ғалым, әдебиеттанушы Маржан Бектұрсынқызы ашып, Абай болмысы мен оның адамзаттық мұрасына қатысты тағылымды ойларымен бөлісті.

Кешке қоғам және мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер иелері қатысты. Олардың қатарында – «Құрмет» орденінің иегері, қаламгер, танымал журналист Ғазиз Балтабай, ақын-жазушы Баян Әлпи, қоғам қайраткері Сәлімжан Сыбағатұлы, сондай-ақ «Байқоңыр» ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Намазшамұлы болды. Қонақтар кеш жайлы жылы лебіз білдіріп, Абайдың рухани мұрасы — әр ұрпақ үшін сарқылмас қазына екенін атап өтті. Кеш барысында Абай шығармалары оқылып, ақын туралы кітаптар мен еңбектерден арнайы көрме ұйымдастырылды. Әсерлі өткен әдеби сабақ жоғары деңгейде өтті және көрермендер тарапынан үлкен ризашылыққа ие болды.