Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жаңалықтар

9 қыркүйек күні Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Жерұйық саябағында «Көңіл-күй бояулары» атты арт-сабақ ұйымдастырды. Жаңбырлы күнге қарамастан, шара мазмұнды өтіп, арт-терапия бөліміне қатысушыларға ерекше әсер, жарқын эмоция мен көтеріңкі көңіл сыйлады. Сабақ ойындар мен сергіту жаттығуларынан басталды. Одан кейін әрбір қатысушы саябақтан күзгі жапырақтар жинап, үлкен ватман бетінде өзінің «күш ағашын» […]

Толығырақ

10 қыркүйек күні Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Өз қолыңызбен жасалған қазіргі заманғы стильдегі аспалар» атты шеберлік сабақ өтті. Мақсаты – фетр материалынан ұлттық нақыштағы сәнді кулон немесе аспа жасау, дәстүрлі ою-өрнектерді қазіргі заманғы дизайнмен үйлестіріп, авторлық әшекей бұйым дайындау болды. Қатысушылар фетрмен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін меңгеріп, өз қолтаңбасы бар ерекше әшекейлерін […]

Толығырақ

Халықаралық Цигун күніне орай елорданың Байқоңыр ауданындағы БҰӨСО-ның зейнеткерлері «Ататүрік» саябағында қытай халқының дәстүрлі жаттығуымен айналысты. Цигун – тыныс алу жаттығуларын, медитация мен физикалық қозғалыстарды біріктіретін ежелгі қытай тәжірибесі. Бұл әдіс жалпы денсаулықты жақсартуға, энергияны арттыруға және денеде тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Шеберлік сабағына 50-ден астам зейнеткер, қала қонақтары мен цигунды дамыту мектебінің спортшы балалары […]

Толығырақ

4 қыркүйек күні Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты әдеби-танымдық сабақ өтті. Әдеби шараға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында тіл үйренуші зейнеткерлер мен «Ұрпаққа аманат» зияткерлік клубының мүшелері, тіл жанашырлары, мектеп оқушылары қатысты. Танымдық қазақ тілі сабағы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және тілдік қатынас […]

Толығырақ

Биыл Семей полигонын жабу жөніндегі Жарлықтың қабылданғанына 34 жыл толды. Осы орайда елордадағы Достық үйінде «Семей ядролық полигонының жабылуы: тарихи шешім, болашаққа бағдар» атты диалог алаңы өтті. Аталған диалог жұмысына қаланың белсенді зейнеткерлері, ардагер ұстаздар, журналистер мен қоғам белсенділері қатысып, 40-қа жуық адам жиналды. Диалог алаңына экс депутат Зауреш Батталова, белігілі ғалымдар экологтар, мемлекеттік мекеме […]

Толығырақ

28 тамызда Астана-1 теміржол вокзалынан Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 47 зейнеткері Семей қаласы мен Жидебай ауылына бағытталған «Абайтану» экскурсиялық турына жолға шықты. Сапар алдында қатысушыларға орталық мүшесі Орманбек Оразұлы бата беріп, саяхатшылар қасиетті Абай еліне аттанды. Экскурсия 28-31 тамыз аралығында өтті. Бағдарламаға Жидебайдағы Күшікбай батыр ескерткіші, «Еңлік-Кебек» ескерткіші, Мұхтар Әуезов музейі, «Абай жолы» паркі, […]

Толығырақ

29 тамыз күні Нұржол гүлзарында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ұрпақтар рухы» атты флешмоб ұйымдастырылды. Мерекелік шараға елордадағы үш ауданнан келген зейнеткерлер немерелерімен бірге, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің №2 өнер мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шараның шымылдығы «Біз елдің болашағы» әнімен ашылды. Әнді «Балдәурен» хоры, жетекшісі Гаухар Сатаева бастаған өнер мектебінің оқушылары орындады. Көрермендерге ерекше көңіл күй […]

Толығырақ

Ата Заңымыздың 30 жылдығына орай Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өнерлі ата-әжелері 30-31 тамыз күндері қала тұрғындарына мерекелік концерт ұсынып, 150-ден астам зейнеткерлер өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, «Ата заң – Тәуелсіз ел тұғыры» атты мерекелік концертте елордалық ақ жаулықты әжелер түрлі ою-нақыштар бейнеленген ұлттық киімдердің сән үлгісін көрсетті. «Ғасырлар сазы» фольклорлық ансамблі «Керім-ау, айдай» […]

Толығырақ

Сарыарқа ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіз елдің тірегі» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кештің басты мақсаты – Конституцияның қоғамдағы рөлін айқындап, оның ел бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын дәріптеу, сондай-ақ орталыққа қатысушылардың бойында патриоттық сезімді нығайту болды. Шара ҚР Конституциясына арналған бейне-композициямен басталып, дәстүрлі […]

Толығырақ

Есіл ауданында спорт күнін атап өту мақсатымен «Спорт – елдің мерейі» спорттық іс-шара болып өтті. Нұржол гүлзары субұрқақ жанында өткен тақырыптық шараға «Оңалту гимнастикасы», педагог Хулимат Аубакирова. «Айкүне» қазақ гимнастикасы, педагог Гулнар Шинасилова, «Цигун және скандинавиялық серуен», педагог Кама Исенова, «Жаңа толқын» би клубы, жетекшісі Айнұр Райымбекова бастаған спортшылар қатысып белсенділік танытты. Мерекелік топтық спорттық […]

Толығырақ