Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зияткерлік клубының ұйымдастыруымен көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті. Зейнеткерлер ақынның өмір жолынан сыр шертетін қойылым көрсетіп, көрермендерді сол дәуірдің рухани әлеміне терең бойлатты.

Жырлары мен естеліктері арқылы Нәжімеденовтің ұлтқа деген шексіз махаббаты мен шығармашылық мұрасы ерекше әсер қалдырды. Іс-шара Алишерқожа Балкожаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылып, қатысушыларға мәнді де мазмұнды кездесу сыйлады. Сонымен қатар, кеш барысында ақын мұрасына арналған әдеби талқылау өтті.

Зейнеткерлер ақын мұрасын жас ұрпаққа жеткізу маңыздылығын атап өтіп, осындай шаралардың жалғаса беруіне тілек білдірді. Кеш соңында көрермендер ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, рухани сусындап қайтты.



