Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

5 желтоқсанда Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметі мен дамуына арналған қоғамдық тыңдауы өтті.
Тыңдаудың бастамасына қаладағы аға буын өкілдерінің Қоғамдық кеңестің Telegram-ботына @Qogamdyk_kenes_bot арқылы жолдаған өтінімі себеп болды.
Аталған платформа елорда тұрғындарына өз ұсыныстарын тікелей жеткізуге мүмкіндік береді, ал түскен өтініштер Кеңестің құзыреті шеңберінде қаралып, ашық талқылауға шығарылады.
Өтініште Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында зейнеткерлермен өзара қарым-қатынас жасау, олардың денсаулығын нығайту және қоғам өміріне белсенді қатысу үшін маңызды ортаға айналғаны атап өтілген.

Бүгінгі таңда бірқатар практикалық сұрақтар туындауда, орталықтар қалай қаржыландырылады, бағдарлама қалай дамиды, елорданың әртүрлі аудандарында қатысу қаншалықты қолжетімді, тіркелу тәртібі қандай, сондай-ақ көлік қолжетімділігін және бағыттардың әртараптандырылуын қоса алғанда, бағдарламаларды кеңейту мен қатысушылар санын арттыру мүмкіндігі бар ма деген мәселелер өзекті болып отыр.


Тұрғындар бастамасы мұндай орталықтарға сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Сондықтан орталықтар желісін кеңейту мүмкіндігі, мәдени нысандар жанында орналастыру форматы және қатысу шарттарын жетілдіру мәселелерін талқылауды қамтитын ашық диалог пен шешім іздеу маңызды.
Қоғамдық тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдауды жоспарлап отыр.

 
Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елордадағы егде жастағы азаматтардың мүдделеріне қатысты мәселелер кезең-кезеңімен қаралатын болады.
Іс-шара Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «Белсенді Азамат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.