Бүгін Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Байқоңыр, Есіл және Нұра аудандары арасында ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жолдастық турнир өтті. Сайыс үш турдан тұрды, қатысушылар зейін, логика және табандылық танытты.

Турнирдің ұйымдастырылуына Нұра ауданының волонтерлері қолдау көрсетті.
Турнир нәтижелері:
🥇 1 орын — Нұра
🥈 2 орын — Есіл
🥉 3 орын — Байқоңыр
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ұлттық ойынға қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.



