Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Элегант дэнс» би ұжымы «Танцуй всей душой» атты хореографиялық өнердің халықаралық байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.
«Элегант дэнс» — орталықта 2023 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан би ұжымы.
Ұжымның негізгі бағыты — вальс билері.

Байқау үшін қойылған би нөмірін орталықтың хореографы Әлия Абылқасымова дайындады.

Би ұжымы дипломмен, кубокпен және медальдармен марапатталды.

«Элегант дэнс» би ұжымын жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!