Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге арналған «Ішкі тәртіп ережелері және 2026 жылға арналған жоспарды қарау» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыс барысында аудан басшысы Р.К. Байсалбаева орталықтың ішкі тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын, сауықтыру және шығармашылық үйірмелеріндегі сабақтарға қатысу тәртібін, сондай-ақ, олардың өткізілу ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар, бөлім басшысы және кеңесші-маман Мәжит Қарқабатов орталықтың ішкі жұмыс тәртібін егжей-тегжейлі таныстырып, зейнеткерлерді толғандырған өзекті сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында 2026 жылға арналған жоспардың негізгі ұйымдастырушылық мәселелері де талқыланды.

Мұндай кездесулер орталық қызметін жетілдіруге, әр қатысушының пікірін ескеруге және белсенді әрі мазмұнды өмір сүруге қолайлы, достық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Барлық қатысушыларға ашық диалог пен белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.



