Сарыарқа ауданының спорт нұсқаушылары спорттың скандинавиялық серуен түрінен «Қар ұшқыны» атты ашық сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты зейнеткерлердің менталдық денсаулық деңгейін арттыру және
XXV Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандық спортшыларды қолдау еді.
Іс-шара барысында споршы зейнеткерлер Олимпиада ойындарына қолдау білдіріп, алтын медаль иегері Михаил Шайдоровты құттықтады. Ынтымақтастықтың белгісі ретінде Олимпиада алауы символикалық түрде жағылды.
Қатысушылар қар үстіне қар ұшқынының бейнесін салып, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар,таза ауада ән айтып, бос уақыттарын салауатты өткізді.
Қызмет алушылар Нейля Аймакова, Татьяна Кобец, Нұрпатия Алдаева, Сабыр Нұрғалиев ашық сабаққа белсенді қатысты. Сонымен қатар, волонтер Қалампыр Иржанова да қатысты.
Ашық сабаққа жиналған зейнеткерлер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.



