Автор: user
Есіл ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Шырқа гитара» клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сый¬лы¬ғының лауреаты, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» атты мәдени кеш өтті. Әдеби-музыкалық шара қазақ өнерінің қос алыбы – Тұманбай Молдағалиев пен Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық байланысын ұлықтаудан басталды. Концерттік бағдарлама ақынның сөзіне жазылған […]
Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінде «Тарих.Таным.Ізденіс!» тақырыбында қысқы зияткерлік ойындары өтті. Ойынға Астанадағы бес орталықта қызмет алушылардан құралған 7 команда қатысты. Әр команда құрамында 10 адам: 7-уі негізгі және 3-уі қосалқа мүше ретінде қатысты. Барлығы 70-тен аса адам ойын барысын бақылап отырды. Сонымен қатар көрермендер мен қонақтар ойын соңында ризашылық танытып, оң пікірлерін […]
Сарыарқа ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері колледж студенттерімен кездесті. Менеджмент, Бизнес және Білім беру колледжінің қабырғасында студент жастар мен зейнеткерлер арасында «Сенің мамандығың – сенің болашағың!» тақырыбында бірлескен іс-шара өтті. Жастарды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шара «Жұмысшы мамандықтары жылына» орайластырылды. Іс-шарада Сарыарқа ауданының ісмер әжелері өздерінің қолдан дайындаған бұйымдарын көрсетті. Еңбек терапиясы […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Ұлттық волонтерлік желімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Ұлттық волонтерлер фронт-офисі жобасы аясында «Күміс» волонтерлік бағыты бойынша дәрістер мен мастер-класстар өткізуді жалғастыруда. Бүгін Астана қаласында «Қазақстандағы күміс волонтерлік» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Іс-шараға волонтерлер координаторы және ақпараттық желінің менеджері Айдана Мақышева, сондай-ақ жоба менеджері […]
Есіл ауданының өнерлі зейнеткерлерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамбліне 5 жыл толды. Ансамбль өз жұмысын 2019 жылдың желтоқсан айында Сарыарқа ауданына қарасты қалалық ардагерлер ұжымында бастады. Өнер ұжымының репертуары алғаш құрылған кезде халық әндерін орындаудан басталған еді. Үнемі шығармашылық ізденісте жүрген ансамбльдің репертуары бүгінде әр түрлі, ән қоржынында 80-ге жуық ән бар. Ансамбльдің негізін қалауға термеші, […]
Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қол өнер шеберлері «80+ Sheber Shop» әлеуметтік жобасы аясында шеберлік сағатын өткізді. Әлеуметтік жоба аясында Байқоңыр ауданындағы «80+ Әжелер» клубында әжелер мен оқушыларға арналған киім тігу үлгілері ұсынылды. Шеберлік сағатында ісмер Күләш Әбутәліпқызы оқушыларға заманауи қамзолды қарапайым тәсілмен пішудің жолдарын көрсетіп, іс жүзінде тігу әдістерімен бөлісті. Оқушылар […]
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ісмер әжелері «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы айында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Астана қаласындағы № 73 физика-техникалық мектептің 9 «Е» сынып оқушыларына шеберлік сабағын берді. Сабақ барысында әжелер тігіншілік өнердің қыр-сырына тоқталып, қыздарға өлшеп пішуді көрсетіп, белдемше тігуді үйретті. Сабақтың негізгі мақсаты соңғы кезде сұранысқа ие тігінші мамандығын насихаттап, қыздарды қол өнерге […]
Астана қаласының Агротехникалық университетінің спорт залында Пенчак Силаттан Астана чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл додаға қала бойынша түрлі спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік алды. Чемпионаттың басты мақсаты – еліміздегі Пенчак Силат спортының дамуына үлес қосу және Қазақстан чемпионатына қатысуға үміткер спортшыларды анықтау болды. 🏆Жетістіктеріміз: 🔹Әйелдер 40-59 жас категориясы: 🥇Чащина Жанна – 1 орын, 🥈Адамова Гүлбаршин – […]
Сарыарқа ауданының “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының” жаттығу залының қызмет алушыларына арналған ұлттық спорттық шара өтті. Іс-шараның басты тақырыбы – қазақтың дәстүрлі ойыны асық ату болды. Шара қыздыру жаттығулары мен флешмоб биімен басталып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Одан кейін асық ойынының шығу тарихы, оның түрлері мен ерекшеліктері жөнінде мағлұмат берілді. Ұйымдастырушылар асық ойынының ережелерін түсіндіріп, оны […]
Есіл аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызмет алушылары «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы апталығын өткізді. Бұл акция «Жұмысшы жылы-2025» аясында ұйымдастырылып, қала көшелерін қоқыстан және қалың қардан тазалап жүрген жұмыскерлерге құрмет көрсету мақсатында өткізілді. Қайырымдылық шарасы аясында орталықтың қызмет алушылары қала тазалығына жауапты жұмыскерлерге ыстық шәй, ұлттық бауырсақ, дәмді тоқаштар, сондай-ақ «Хассали» майлы ыстық нанымен […]



