Сенбілік барысында Нұра ауданы БҰӨС орталығының “Күміс жас” жобасы және “Күміс еріктілер” клубының мүшелері АMANAT партиясы мен Нұра ауданы ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Астанамызды көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызды.

Аталған шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатқа жанашырлық таныту және аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын насихаттау. Еріктілер өздерінің еңбектері арқылы қоғам мен жастарға үлгі көрсетіп, “Таза орта – жарқын болашақтың кепілі” екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
“Күміс еріктілер” қозғалысының мүшелері бұған дейін де түрлі әлеуметтік жобалар мен қоғамдық бастамаларға белсене қатысып келеді. Бүгінгі сенбілік – сол игі істердің жалғасы.
Ұйымдастырушылар мен жергілікті тұрғындар еріктілерге алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстар жалғасатынына сенім білдірді.



