Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 Есіл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Еңбекті бағала – Тазалықты сақта!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – тазалық қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу және қала тұрғындарына экологиялық мәдениетті насихаттау.

 Нұржол гүлзары бойында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін аудандық мәдениет орталығының «Бәйтерек» ансамблі (жетекшісі Ш. Шайменова) танымал әндерді орындады. Шараға келген тұрғындар әндерге қосылып, қолдау көрсетті. Зейнеткерлер өздері дайындаған шай мен жеңіл дәм ұсынып, еңбек адамдарына алғыс білдірді. Жұмыскерлер ризашылығын білдіріп, бірге ән айтып, жақсы көңіл-күймен тарқасты. Мұндай бастамалар еңбек адамдарын қолдап, қоғамда тазалық пен құрмет мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.