Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің Есіл аудандық зейнеткерлерінен құралған «Сағыныш сазы» ансамблі, музыкалық жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ж. Искендіров, ағымдағы жылдың 25–30 маусым күндері Грекия елінің Салоники қаласында өткен «GREECE GRAND FESTIVAL» халықаралық байқауына қатысты.
Сахна төрінде қазақтың халық әні «Әттең, тонның келтесі-ай» әнін нақышына келтіре орындаған өнерлі ұжым жеңіспен елге оралды.
Шын жүректен құттықтаймыз!



