Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылғы 14 қазанда Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұжымына жаңа директорды ресми түрде таныстырды. Орталық басшылығы мен бөлім жетекшілері қатысқан жиында Илья Васильевич жаңа басшы Серік Жолаушыұлы Қарабатыровтың өмірбаяны мен кәсіби тәжірибесі туралы айтып, қызметіне сәттілік тіледі.


Өз сөзінде Серік Жолаушыұлы артылған сенімге лайық болуға тырысатынын айтып, ұжыммен бірге бірлесіп табысты жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Серік Қарабатыров – Ақмола облысының тумасы, заңгер мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Ол ұзақ жылдар бойы жауапты қызметтер атқарып, 2021-2025 жылдар аралығында қалалық Ардагерлер ұйымында жұмыс істеген, ал 2025 жылдың 7 тамызынан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды. Егде жастағы азаматтармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар.