Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Ағаш шебері үйірмесінің қатысушыларымен сұхбат

— Ағашпен жұмыс істеудің сіздер үшін ең құнды тұсы немесе рухани пайдасы қандай?

— Біз үшін ағашпен жұмыс істеу тек қолөнер емес, жанға нәр беретін шығармашылық процесс. Ағашты ұстап, өңдеп, одан әдемі бұйым жасау адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. Қолмен іс жасау арқылы ойымыз тынығып, күнделікті күйбеңнен арыламыз. Әр жасаған бұйым өз қолтаңбамыз, еңбегіміздің нәтижесін көргенде ерекше мақтаныш пен шабыт сезіледі. Сонымен бірге, бұл үйірме бізге бір-бірімізбен араласып, жаңа достар тауып, өмірге деген қызығушылығымызды арттыруға мүмкіндік береді.

— Үйірмеге жаңадан келгісі келетін адамдарға қандай кеңес немесе мотивация айтар едіңіздер?

— Ең бастысы – қорықпай, батыл қадам жасап көру. Мұнда тәжірибе қажет емес, ең бастысы – ықылас пен ниет. Ұжымда өте жылы атмосфера бар, шеберлер әр қадамда көмектеседі. Ағаш өңдеу жаңа хобби ғана емес, өмірге жаңа тыныс сыйлайтын пайдалы іс. Сондықтан уақытты бос өткізбей, өзіңізге қуаныш сыйлайтын іске келіп, бастауға кеңес береміз. Бір рет келсеңіз, бұл өнердің тартымдылығына ғашық болып қаласыз.

— Жауаптарыңызға рақмет.

Әңгімелескен: Зере Мәуленберген
Орталықтың СММ-маманы