Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Нұра ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Ұлағат» әдеби бірлестігінің белсенді мүшелері Алданыш Нұрахметұлы Нұрпейісовтің «Болмысты баптау: Абай іліміне саяхат» және Сансызбай Сағындықұлы Мұқановтың «Ерекше сөздіктер» атты еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны «Ұлағат» әдеби бірлестігінің жетекшісі, руханият жанашыры Рауза Ғалиақпарқызы Исмурзина жүргізді.

Рухани мәні зор бұл кездесу жылы әрі шабытты атмосферада өтті. Қатысушылар жаңа еңбектердің мазмұнымен танысып, олардың идеяларын талқылап, авторларға өз ризашылықтарын білдіріп, сәттілік тіледі.

Қазақ мәдениетінде «тұсаукесер» – игі бастаманың және жаңа өмірдің нышаны. Сол секілді әр жаңа кітаптың оқырманға жол тартуы – рухани жаңғыру мен қоғамның дамуының айғағы.

Шара барысында «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ғылым кандидаты Әділхан Төлегенұлы Дүйсебек өз пікірін білдіріп, авторларға шығармашылық табыс тіледі.