Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының скандинавия жүрісі үйірмесі, поэзия клубы және оңалту гимнастикасының қатысушылары, сондай-ақ, орталықтың белсенді зейнеткерлері Жерұйық саябағында «Әділет» партиясымен бірлесіп Астана күніне орай мерекелік флешмоб ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – елорда мерекесін кеңінен насихаттап, қатысушылардың патриоттық рухын көтеру, салауатты өмір салтын дәріптеу және қоғамдағы ауызбіршілік пен белсенділікті нығайту. Флешмоб көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар мерекелік атмосфераға ерекше серпін сыйлады.



