Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Күләнда Төлебаева «Объективте – менің әлемім» атты Республикалық мобильді фотобайқауға қатысып, «Мәселеге бет бұр» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді.

Қазылар алқасы оның Талдыкөл көлін қорғау тақырыбына арналған «Көлді құшақта» атты фотожұмысын жоғары бағалады. Бұл туынды қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты сақтаудың маңыздылығына қоғам назарын аударуға бағытталған.

Жүлделі орынға ие болғаны үшін Күләнда Төлебаева Satbayev University атынан дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Күләнда Төлебаеваны лайықты жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!