Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қауіпсіз қоғам мен қуатты мемлекет» тақырыбында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – зейнеткерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы заң мен тәртіпке қатысты түсінігін кеңейту.

 

Дәрісті Астана қаласы Полиция департаменті Есіл ауданы Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесінің өкілі Өмір Нұрахметов жүргізді. Кездесу барысында зейнеткерлер құқықтық мәселелер мен қазіргі қоғамдағы өзекті заңнамалық тақырыптарға қатысты сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

Дәріс барысында заң өкілі азаматтардың құқықтары мен міндеттері, киберқылмыстың алдын алу, әділеттілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Кездесу қатысушылар үшін пайдалы және мазмұнды өтіп, олардың құқықтық білімдерін толықтыруға мүмкіндік жасады.