Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұлы ақын әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған ауданаралық күзгі зияткерлік ойын өтті. Іс-шара Халықаралық қарттар күні қарсаңында Нұра ауданының «Ұлағат» зияткерлер клубының ұйымдастыруымен өткізілді.
Зияткерлік сайысқа бес ауданның командалары қатысты: Сарыарқа ауданының — «Сарыарқа», Байқоңыр ауданының — «Зерде», Есіл ауданының — «Сырсандық», Сарайшық ауданының — «МҰРА» және Алматы ауданының — «Қазына» командалары.

Қатысушылар Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы, философиялық көзқарастары және рухани мұрасы бойынша білімдерін сынап, өздерінің эрудициясы мен тапқырлығын көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Сарыарқа ауданының «Сарыарқа» командасы;
🥈 ІІ орын — Сарайшық ауданының «МҰРА» командасы;
🥉 ІІІ орын — Алматы ауданының «Қазына» командасы.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!



